Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 12 жекпе-жегін өткізеді

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
838
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 12 жекпе-жегін өткізеді

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөлісесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Әділет! Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 12 жекпе-жегін өткізеді. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварес арасындағы жекпе-жектің жайы не болмақ? Бұған дейінгі келісім бойынша Головкин Муратаны, «Канело» Биволды жеңуі керек еді. Бірақ, іс орта жолда насырға шапты. Еске сала кетейін, 8 мамырда өткен айқаста сенсациялық жағдай болып «Канело» ресейлік боксшыдан жеңіліп қалған еді. Дмитрий Бивол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Бивол енді мексикалық қарсыласы реванш өткізгісі келсе, «әлемнің абсолютті чемпион» атағы үшін болуы тиіс деп санайды. Сонымен бірге, Бивол Головкиннен  "Канело" трилогиясына кедергі болғаны үшін де кешірім сұрады. Ал, кәсіпқой боксшы Дәулет Даукенов Головкин мен «Канелоның трилогиясы болады деген пайымда».

Дәулет ДАУКЕНОВ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

Канело мен Биволдың реваншы болмайды деп ойлаймын. Оған Канело үлгермейді дайындалуға. Келесі жекпе-жекте Бивол мен Канело шықса, Канело қайтадан жеңіліске ұшырайды. Головкин мен Канелоның бойы болуы мүмкін деп ойлаймын, өте қызықты адамдарға да қызықты.

Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалына 2 қазақстандық өтті. Олар: 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова, 52 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова. Бүгін бұдан бөлек тағы 4 спортшымыз жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Рингке тағы Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан және Дина Жоламан шықпақ. Жалпы, жарысқа ел намысын қорғауға 12 боксшы аттанған еді. Өкінішке қарай, оның  алтауы қарсыластарына есе жіберіп ұтылып қалды. Финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.

Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 12 жекпе-жегін өткізеді. Кәсіпқой бокс кеші 25 маусым күні АҚШ-та болады. Қарсыласы украиналық Иван Голуб. Ол бұған дейін 20 кездесу өткізген. Отандасымыз бұл айқаста IBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғайды.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр