Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қанттың бағасы қашан арзандайды?

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1707
Қанттың бағасы қашан арзандайды?

Жыл басталғалы қант бағасы бірнеше есе қымбаттаған. Мұны жауапты министрлік әлемдік тенденция дейді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, елде қант бағасы біртіндеп тұрақталып келеді. Оның үстіне Қазақстандағы 4 зауыт шикізатпен толық қамтамасыз етілген.  Алдағы айда өндіріс көлемін шамамен 40-45 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар дейді.  Бұл өндірілген қант көлемі ішкі тұтынуды толық қамтамасыз ететініне сенімді.   

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Қанттың бағасы сәл қатты өседі дегендей бізде болжам жоқ. Негізгі қазіргі тұрақтанып  отырған жағдай бойынша әлемдегі бағаларды, мынау өңірдегі бағаларды алатын болсақ сол 400-500 теңгенің арасында болып тұр. Сол баға сақталады деген болжамдап отырмыз. Жылдың аяғына дейін күтіліп отыр, баға тұрақты болады.

А. Данияр