Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза тапты

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
1115
Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза тапты

Ақмола облысының Щучинск қаласында базар өртеніп, бір адам қаза тапты. Марқұмның жеке тұлғасы қазір  анықталып жатыр.   Алдын ала болжам бойынша, ол ғимараттың күзетшісі болуы мүмкін.  1700 шаршы метр аумақты тілсіз жау шарпыған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Сараптама жүргізілуде.

Ерлан МОЛДАХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Өрт сөндіруге жедел түрде 97 құтқарушы мен  25 бірлік техника жұмылдырылды. Тағы жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері мен 3 техникасы шықты. 45 минуттың ішінде өртті оқшаулап, ары қарай таралуына жол бермедік. 2 сағатта өрт толығымен сөндірілді.

А. Съезбек