Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Йонданы сәулесі анықталған жағдайда кері қайтарылады",- Е. Жамаубаев

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
1685
"Йонданы сәулесі анықталған жағдайда кері қайтарылады",- Е. Жамаубаев

Елімізге әкелінетін ойыншықтардың дені-сапасыз. Қауіпті тауардың 90 проценті Қытайдан жеткізіледі дейді мамандар.Бірақ,  контрабанданың жолына   тосқауыл қою мүмкін болмай тұрғанын айтады. Қанша тексеру жүргізілсе де, заңсыздық тыйылар емес. Ал денсаулық сақтау саласының мамандары дабыл қағуда.  Сауда сөрелеріндегі қызылды-жасылды, жалт-жұлт еткен ойыншықты аларда оның сапасына мән берген жөн дейді.

Балалар ойыншықтарының 43 проценті қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі осыны көрсеткен.

Дамир ТАЙҚҰЛОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Біз әр сайын барлық тіркелген ойыншықтарға мониторинг жүргіземіз.  Соңғы 6 жылда 6650 тыйым салынған тауарлар тәркіленген болатын. Ол жерде қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағаны үшін де сатушы жауапқа тартылады. Сондай-ақ, химикаты жоғары ойыншықтар да шығып жатты.

Ал тұрғындар оның сапасына мән бермейміз дейді.

БЛИЦ:

- Алам балама, Өзбекстандыкы дейді, Россиянкы, сосын Шымкенттыкы дейді. + Енді сұрамаймын сапасын.

- А, жоқ. Не интересуюсь!

- Сұрайсыың ғой ненің заты, әйтеуір әпермейсің ғой.


Министр Ерұлан Жамаубаев   радиациялық фонның деңгейі жоғары ойыншықтар елге контрабандалық жолмен келетінін айтады. Ондай жағдай анықталса, тауарлар кері қайтарылады дейді.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Егер де  тауарлардың радиациялық фоны жоғары болған жағдайда, бұл тауарлар жалпы тауардың  массасына бөлініп алынып, қайтадан тексеріс жүргізіледі. Егер де шынымен радицациялық аясы жоғары болса. Йонданы сәулесі анықталған жағдайда ондай тауарлар  Қытайға қайтарылады.


Қалғанын жою немесе қайтару саудагерге жүктелген.  Ал денсаулық сақтау саласының  мамандары ойыншық сатып алардан бұрын сатушыдан тауардың қауіпсіздік сертификатын сұрауға   кеңес береді.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Ойыншықты сатып алудың да өз тәртібі бар.  Тауар  сыртында, қорабында  таңбалау ережесі, сәйкестік белгісі және техникалық талаптар жазылуы керек.  Егер ондай  болмаса, ойыншықты  сатып алудың қажеті жоқ.  Яғни, ол-зиянды.  

Ә. Дүкембаева