Атырау облысындағы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі тасыған. Әлеуметтік желіде Қаржау Шарғабаевтың видеосы тарады.
41 жастағы экс-шенді інілерінің заттарын осымен үшінші рет алып кетуге келгенін мойындайды. Іле-шала бұрынғы әкім әлеуметтік желіде өзінің парақшасына бейнежазба жариялаған. Онда танысының өтінішімен барған кезде әлдекімдердің ұрып-соғып, қорқытып түсіріп алғанын айтады. Қазір полицейлер желіде тараған жазбаға қатысты тексеру жүргізуде. Айта кетейік, экс-шенеунік 2019 жылы қаңтар-маусым аралығында Құлсары қаласын басқарған, оған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазір мемлекеттік қызметте емес.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Әлеуметтік желіде «Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі заттарын алу барысында ұсталды»,- деген ақпарат таратылуда. Ол жерде ұстаған полицей емес. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Б. Надірқызы