Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қоғамдық көлікте 12 жастағы қыз балаға қол жүгірткен ер адамның кім екені анықталды

Қоғамдық көлікте 12 жастағы қыз балаға қол жүгірткен ер адамның кім екені анықталды

Елордадағы қоғамдық көлікте жасөспірім қыз балаға тиіспек болған ер адамның кім екені анықталды. Оқушының айтуынша бейтаныс адам автобуста оның ұятты жеріне бірнеше мәрте қол жүгірткен. Бұл әрекетінен үрейленген ол қоғамдық көліктің басқа бөлігіне барып тұрған. Алайда бейтаныс адам артынан келіп, тағы тиісуін жалғастырған. Қорыққаны соншалық анасына мессенджер арқылы қасында педофил барын жазған. Анасы бейнеқоңырау арқылы хабарласып, белгісіз ер адамға қызының қасынан кетуді талап еткен. Оған айқайлап, арам ойына бөгет болуға тырысыпты. Жолаушылардан көмек сұрағанымен мойын бұрған ешкім болмаған. Осыдан кейін күдікті бетін жауып, бәрін жоққа шығаруға тырысқан. Қыздың анасы полицияға арызданған.

НҰР-СҰЛТАН Қ. ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

2022-жылғы 19-мамыр күні сағат 20:12-де "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталып, тексеру жүргізілуде.


Ә. Бердібеков