Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

СІМ: Бағдад пен Бангладеште орын алған жарылыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

AstanaTV
04.07.2016ж. 20:00
2509
СІМ: Бағдад пен Бангладеште орын алған жарылыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

Бангладеш пен Бағдадта болған терактіден зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ақпарды Сыртқы істер министрлігі растады.

Соңғы мәліметке қарағанда, Бангладештегі лаңкестік әрекетті сол елдің жастары ұйымдастырған. Тіпті террористер қатарында елдің ұлттық олимпиада комитеті төрағасы орынбасарының ұлы да бар деседі. Әскерилер, олар «Джуматул Муджахидин Бангладеш» лаңкестік ұйымының мүшелері, дейді. Ұйым ДАИШ-ке дейін 1998 жылы құрылған. Десе де солардан тапсырма алып жүрген болуы мүмкін.

Өткен жұмада қасиетті Қадір түнінде Бангладеш астанасы Даккада кафеден жарылыс шығып, 28 адам ажал құшқан еді. Марқұмдардың дені Италия, Жапония, Индия және АҚШ азаматтары екен. Лаңкестер жасаған мәліметке қарағанда, туристер құранды мойындамағаны үшін өлтірілген.

Ирак астанасы Бағдадтағы террорлық шабуылдан 213 адам қаза тапты. Мұнда кісі қарасы көп болатын базар мен мешіт маңында көлік жарылған. Зардап шеккендер де 200-ден асады. Оқиғаны ДАИШ террористік ұйымы мойынына алып отыр.

Құралай ПИОНЕР