Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжарда учаскелік полиция инспекторын өлтіріп кетті

Қызылжарда учаскелік полиция инспекторын өлтіріп кетті

Қызылжарда учаскелік инспектор пышақ жарақатынан көз жұмды.  Қанды оқиға   полицейдің өз үйінде болған. Тергеушілер бас күдікті ретінде оның әйелін қарастыруда. Арты қылмыспен аяқталған жанжалға не себеп болды? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин оқиға орнына барып, көрші-қолаңмен тілдесті.  

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:


Қанды қырғын түнгі үштер шамасында болған. Учаскелік полицейді үйінде қанжоса боп жатқанын бірінші әкесі көрген.  Бірнеше жерден пышақталған көрінеді.   Қазір құзырлы органдар марқұмның әйелінің қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлімі “адам өлтіру”бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ. Ол жанжалдың салдарынан көз жұмған. Құзырлы органдар осы нұсқаны анықтап жатыр.

Жантүршігерлік оқиға көрші-қолаңды дүр сілкіндірді. Осыған дейін бұл отбасын тек жақсы жағынан танып-білген олар болған жағдайға сене алар емес.  

Андрей МЕЛЬНИКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз олармен бұл үйде бірнеше жылдан бері бірге тұрып келеміз. Өте жақсы кісілер. Ата-анасы жас отбасының қолында тұрды. Марқұмның артынан екі баласы қалды. Біреуі- мектепте оқиды, екіншісі -әлі кішкентай.


Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Капитан шеніндегі учаскелік полицей ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері жұмыс істеген.  Былтыр  ол жақсы қызметі үшін "қаланың үздік учаскелік полицейі" атағына ие болыпты.

Ө. Қуанар