Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада мамандық таңдауға көмектесетін көрме өтті

Елордада мамандық таңдауға көмектесетін көрме өтті

Елордада ерекше көрме өтті. Онда қаладағы  колледждер туралы толық ақпарат берілді. Бұл жеткіншектерді мамандықты дұрыс таңдауға бағыттайды дейді ұйымдастырушылар.   Балалар жылына орай білім басқармасының қолдауымен өткен көрмеге келушілер студенттердің өздері дайындаған өнімдермен де танысты.  

Ақнұр Жарылқапова - Жоғары сауда-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Маркетинг мамандығы бойынша білім алып жүрген жасөспірім бұл көрме оқушылар үшін үлкен мүмкіндік дейді.

Ақнұр ЖАРЫЛҚАПОВА, ЖОҒАРЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Көрмеде біздің өзіміздің тауарларымыз қойылған. Біз осы тауарлар арқылы өз мамандығымызбен таныстырамыз. Яғни, біз тауарды қалай сатамыз және тұтынушыға қалай жарнама жасайтынымызды көрсетеміз. Сол арқылы колледжімізді таныстарымыз.

Ал, технологиялық колледждің 1-курс студенті Жансұлу Аймағанбетова шаштараз мамандығы бойынша білім алуда. Бала күнінен түрлі шаш үлгілерін жасағанды жақсы көретін ол " шара менің тәжірибе жинақтауыма көмектесті" дейді. Себебі,  Жансұлу  өзі оқитын білім  ордасын таныстырып қана қоймай, қолаң шаштылардың бұрымын сәндеп, мастер-класс өткізуге мүмкіндік алды.

Жансұлу АЙМАҒАНБЕТОВА, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

Мен біздің колледжде неше түрлі мамандық бар. Оның бірі - шаштараз, екіншісі -аспаз, үшіншісі - тігінші. Бұл мамандықтардың болашағы бар. Жұмыс көп.


Білім басқармасының осындай шара өткізейік деген ұсынысын  колледж директорлары  бірден қолдаған. Бұл шара оқу ордамыздың беделін арттырып, жастардың мамандыққа деген қызығушылығын оятады дейді олар.  

Салтанат БАСЫГАРАЕВА, СЕРВИС ЖӘНЕ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Туризм мамандығына түскісі келеді. Көп оқушылар флористика, мал шаруашылығы, дизайн мамандықтары бойынша оқуға түскісі келетін ниеттерін білдіріп жатыр.

Елордада 34 колледж бар. Оның12-сі мемлекеттік, 22-сі жекеменшік орда. Қазір ол оқу орындарында 122  біліктілік бойынша мамандар даярлануда.  

А. Задабек