Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн.теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн.теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады.

Арман Тілеукеновтың айтуынша, ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы қаржы институтының басшысымен сөз байланысқан. Сөйтіп  агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған  мемлекеттік бағдарламаның қаражатын жымқырған. Қазір күдіктілерге қатсты сотқа дейінгі тергеу басталған.  Кінәсі дәлелденсе шенділер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы  мүмкін.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ,  ҚР СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы экс -басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Олар қаржы институтының басшысымен алдын-ала сөз байланысу арқылы  50 миллион теңге соммасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.

Ә. Лесбек