$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Elle Style Awards Kazakhstan 2016 сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

AstanaTV
04.07.2016ж. 20:00
2855
Elle Style Awards Kazakhstan 2016 сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

Астана күніне орай «Elle» журналы тұңғыш рет фэшн-индустрия саласының үздіктерін STYLE AWARDS сыйлығымен марапаттады. Арнайы тарту сәні мен салтанаты жарасқандарға табыс етілді. Журнал еліміздің түрлі салаларында еңбек етіп, киім үлгісімен көзге түскендерді ашық дауыс беру арқылы іріктеген.

1 ай ішінде 11 мыңнан астам оқырман кіл үздіктерді анықтады. Осылайша 21 номинация бойынша 21 сәнқойдың есімдері белгілі болды. Олар: үздік шоумендер: Тұрсынбек Қабатов пен Баян Есентаева, үздік тележүргізуші Динара Сәтжан, спортшылар арасынан Зарина Диас пен Геннадий Головкин, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов, "Кеш Ю" және "Ринго" топтары. Сондай-ақ, үздік дизайнер, үздік модель, актер мен актриса да тиісті жүлделеріне қол жеткізді. Айта өтейік, "Астана" телеарнасы шараға ақпараттық демеушілік көрсетті.

Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди, ELLE KAZAKHSTAN журналының баспагері:

ELLE Style Awards - дүние жүзіндегі ең танымал марапаттың бірі. Жалпы журнал 70 жыл бойы 46 мемлекетте басылып отырады. Осы 46 елдің барлығы жылда ең сәнді адамдарын анықтап, марапаттау рәсімін өткізеді. Мода ұғымының кең екені белгілі. Ол тек қана киім үлгісіне қатысты емес. Өмірлік ұстаным да осы ұғымға кіреді. Біздің басты мақсатымыз - жүлдегерлер арқылы халықты сәндік үлгілерден хабардар етіп, оқырмандарымызды фэшн әлемге баулу.   

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА