Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Референдум жеке таңдау жасауға мүмкіндік береді

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1284
Референдум жеке таңдау жасауға мүмкіндік береді

Референдум әр қазақстандыққа жеке таңдау жасауға мүмкіндік береді.  Мұның маңыздылығы да сонда жатыр. Бүгін Шымкенттегі картон қағазын шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездескен мәжіліс депутаттары, "AMANAT" фракциясының мүшелері   Ғани Ташқараев пен Берік Бекжанов Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтты. Өндіріс орнында  алпысқа жуық адам жұмыс істейді. Тұрмысқа қажетті қағаз өнімдерін шығаратын зауыт тәулігіне 50-60 тонна өнім өндіреді. Шикізатты негізінен  Ресейден алатын кәсіпорын өз еліміздегі қағаз қалдықтарын да қайта өңдеп кәдеге жаратып жүр. Ішкі нарықты дайын өніммен толық қамтамасыз етіп отырған серіктестік алдағы уақытта тауарын шетелге шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын қызметкерлері алдағы саяси науқаннан үлкен үміт күтіп отырғандарын жеткізді. Әр өзгеріс ел дамуына оң әсер етеді дейді.  
 
Біржан ОРАЗБАЕВ, КӘСІПОРЫН ОПЕРАТОРЫ:

Мен 5-маусым күні болатын референдумда Қазақстан азаматы ретінде үлкен өзгерістер күтемін. Ол өзгерістер Қазақстанның болашағын жарқын жаққа бастайтын бастама болады деп сенемін.  

А. Төребекқызы