Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Балаларға ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
1528
Балаларға ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды

AMANAT» партиясының жастар қанаты  ұлттық нейрохирургия орталығында ем алып  жатқан  бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Көңілді бағдарлама  барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән мен би болды. Балалардың көңілі шат-шадыман.   Жүздері қуаныштан бал-бұл жанады. Ата-аналар да дән риза. Шара соңында ұйымдастырушылар  балақайларға сыйлықтар табыстады.

Ерболат ЕКІБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларға іс шара жасап жатқандарыңызға рахмет! Балалардың көңілін көтеріп. Мынау Қазақстанның бүкіл балаларын мерекелерімен құттықтаймын!


Оралдық бүлдіршіндер үшін де бүгін мерекелік шара өтті.   Бұл жолы жас аманаттықтар  мүмкіндігі шектеулі балдырғандарды табиғат аясына апарып, әдемі әсер сыйлады.  Мейрам сайын қамкөңіл жеткіншектердің көңілін көтеруге тырысатын олардың бұл  игі ісіне  полицейлер мен спортшылар да атсалысты. Балалар   сурет салып, би билеп көңіл көтерді. Бұдан кейін атқа мініп, сейіл құрды. Осыдан кейін жеткіншектер қызметтік иттің өнерін тамашалады. Автобусқа жасырылған жарылғыш затты дәл тапқан төбет кейін қылмыскерді қуып жетіп, қалай ұстайтынын көрсетті.   

Архат ИСЛАМҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
 
Қазір балаларымыз оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шығып отыр және біздің мерекеміз де осыған тұспа-тұс келіп отыр. Осы балалар демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында осы үлкен шарамызды ұйымдастырып отырмыз. Табиғат аясындағы шара әрдайым балалар үшін өте пайдалы қызықты болады деген сенімдеміз.

«Amanat» партиясы Алматылық ерекше қажеттілігі бар балаларды да мерекемен құттықтады. 30-дан астам бүлдіршінге  қажетті құрал-жабдықтар мен түрлі тәттілер сыйлады. Алатау ауданындағы мектептердің бірінде ұйымдастырылған шараға  өнер жұлдыздары да қатысты. Жылы лебіздерін айтып, ән шашуларын жолдады. Жалпы аудан бойынша 130-ға жуық ерекше  бала бар.  Олармен 20-дан астам білім мекемесінің тәлімгерлері жұмыс істейді.

Эльмира ОМАРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ.қ ФИЛИАЛЫ  АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл іс шараның  мақсаты -осы ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар арасында оларды да ескеріп, 01/08 біздің Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Аманат партиясының мүшесі Тау Нұрымбектің қолдауымен сол балаларды құттықтап, мерекелерімен сыйлықтарды табыстау.


Ә. Дүкембаева