Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте биыл 16 мектеп пайдалануға берілмек

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
1833
Шымкентте биыл 16 мектеп пайдалануға берілмек

Шымкентте биыл 16 мектеп, оқушылар сарайы мен нөмірі 2-ші балалар саз мектебінің жаңа ғимараты іске қосылады. Бұдан бөлек 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңқайы қолданысқа беріледі. Мұның бәрі балалар жылында балаларға жасалып жатқан тарту. Елдегі әрбір үшінші сәби туылатын үшінші мегаполисте тағы қандай оңды іс атқарылып жатыр? Тілшіміз тарқатсын.

Жаздың алғашқы күнімен тұспа - тұс келетін балалардың мерекесі Шымкентте ерекше тойлануда. Таңертеңнен орталық алаңға жиналған жеткіншектер сурет салуға кіріскен. 500 бала бақытты балалық шақтың кескінін бейнеледі.
    
Оқушылар өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын да көрмеге қойған. Дарынды балалар да аянып қалып жатқан жоқ. Бұл күні ән де, би де болды.
 
Толғанай ТӨРЕГЕЛДІ:

Мен бұл күнді асыға күттім. Өйткені бұл күні бізде баларды қорғау күні, біздің күніміз. ..Біздің күніміз өте қызықты өтеді. Бүгінгі көңіл-күйім өте керемет. Себебі бүгін өте керемет күн.
 
Өткен оқу жылында шымкенттік 500-ден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарғанын мақтанышпен айтуға болады. Айта кету керек, шаһарда балалар жылына арналған жоспар  да ауқымды.

Шыңғыс МҰҚАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалар жылына арналған 86 тармақтан тұратын 50 млрд-қа жуық қаржы қарастырылған  үлкен жоспар жасақталды. +Соның біреуіне тоқталатын болсақ , биыл қаңтардан бастап Шымкент қаласында алғаш рет бастауыш мектеп сыныптарының оқушыларына мемлекет есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтыла бастады.


Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасының 56 мыңнан астам баласына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасына қаржы қарастырылыпты.

А. Төребекқызы