Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Азаматтар басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркелуіне болады

AstanaTV
03.06.2022ж. 20:00
1213
Азаматтар басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркелуіне болады

Еліміздегі  учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне дайын. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді және олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.  Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мәлімдеді.  Оның айтуынша,  азаматтар есептен шығару куәлігін алып, басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркелуіне болады.  Сонымен қатар, кез-келген адам  электронды жүйені пайдаланып, тізімде бар-жоғын өзі тексере алады.  

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ертеңгі сағат 18-ге дейін осы референдумда дауыс беруге құқығы бар адамдар өздері үшін ыңғайлы болып табылатын учаскеде дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу үшін дауыс беруге арналған учаскелерге жүгіне алады.

Ә. Бердібеков