Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Еліміздің Қарулы күштері жазғы оқу-жаттығуға кірісті

AstanaTV
03.06.2022ж. 20:00
1408
Еліміздің Қарулы күштері жазғы оқу-жаттығуға кірісті

Еліміздің Қарулы күштері жазғы оқу жаттығу жиындарын бастады. Қазір әскерилер тактикалық саптық дайындықтарын пысықтауда.  Тактикалық сабақтарда дағдарыстық жағдайларды жою және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету кезіндегі іс-қимыл, әрекет ету мәселелері де қамтылады. Бүгін Қарулы Күштер бас штабының жауынгерлік департаментінің бастығы Дәулет Оспанов Әскери қызметшілердің даярлық жоспарымен және оқу кезеңінің тапсырмаларымен таныстырды. Биылғы оқу жаттығудың ерекшелігі әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты даярлық бағдарламасына тағы бірнеше ұрыс әдістері енгізілген. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің әртүрлі тәсілдерін игеруге де көп көңіл бөлінуде.

Дәулет ОСПАНОВ, ҚР ҚК БШ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

1- маусымнан 5 -маусымға дейін тактикалық саптық сабақтар өтеді. 6 маусымнан бастап бөлімшелер мен бөлімдер жоспар бойынша сабаққа кіріседі. Ерекшелігі бұл жазғы дайындықтың мына қазіргі Сирия, Таулы Карабах, Украинадағы ұрыс әдестерін  өзімізге қолданып жатырмыз.  


Департамент бастығының айтуынша,  Қазақстан  әскері жазғы жиынды аяқтағасын 7 бірдей халықаралық армия ойындарына қатысады деп күтілуде. Оның үшеуі ел аумағында өтсе, қалған төртеуі Ресей, Әзірбайжан, Арменияда болады  деп жоспарланған.

Ә. Бердібеков