Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухы мен даналығы",-суретші

AstanaTV
03.06.2022ж. 20:00
1573
"Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухы мен даналығы",-суретші

Алматыда да мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда қоғам қайраткерлері қастерлі  нышандарымыз туралы қызықты деректер айтып, оған деген құрметті арттыру тұрғысындағы өз ұсыныстарын жеткізді. "Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың  рухы мен даналығы, әрі қаһармандығы" дейді – жиналғандар.

Тоққожа ҚОЖАҚҰЛОВ, ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ, СУРЕТШІ:

Елтаңба мен туды қарайтын болсаңыздар бір үндестікке келесі әнұран керемет бір сәйкестікке келеді. «Алтын күн аспаны», туды қараңыз, аспанда тұр. Алтын күн тұр ма күн тұр. «Алтын дән даласы», мына анау үш жүзге қарай бөлінген үш тармақ қазақтың үш жүзге бөліненін көрсететін болса соның дәні бұл. Яғни біздің туымыз, әнұранымыз, елтаңбамыз бір үйлесімділікте жасалған.

Мемлекеттік рәміздерді қорлап,  мазақ қылғандар   жазасыз қалмауы  керек дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі. Заңды күшейтіп, жауапершілікті арттыру керек екенін айтады.  

Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КОМПОЗИТОР:

Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озғанына да биыл - 30 жыл болды. Мемлекеттік рәміздерге де - 30 жыл. Көп адамдар соңғы кезде мына мемлеткеттік рәміздерді жерге таптайтын болды. Өздеріңіз көріп жатқан шығарсыздар бұл не деген масқара. Бұл заңды қатайту керек. Біз осы мемлекеттік рәміздерді қастерлеуіміз керек. Қорлатпауымыз керек.

Ә. Лесбек