$474.72 €515.17 ₽5.58
×

СҚО тұрғындары дауыс беру көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

AstanaTV
05.06.2022ж. 14:00
937
СҚО тұрғындары дауыс беру көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

Референдум басталғалы 7 сағат өтті. Орталық сайлау комиссиясы алаңындағы тілшіміз. Айсәуле Съезбек жаңа ақпараттармен бөліседі. Айсәуле,  халықтың дауыс беру көрсеткіші қандай?   Қай өңір көш бастайды?

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Әділет,  рахмет. Орталық референдум комиссиясы әр 2 сағат сайын халықтың дауыс беру белсенділігі туралы ақпарат таратып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек,  осы уақытқа дейін ел азаматтарының 43,70 % конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасап үлгерген. Яғни, бұл -5 млннан астам азамат. Саяси науқанда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ең жоғарғы белсенділік көрсетіп, 58,25 процентпен көш бастап тұр.  Одан кейін жамбылдықтардың  55,15 проценті сайлауға келгені белгілі болды. Ал үздік үштікке 51 процентпен  Қарағанды және Павлодар облысының тұрғындары кіреді.  

Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Комиссия мүшесі келтірген ақпарат бойынша, ең аз дауыс берген аймақ - Алматы қаласы. Мұнда  тұрғындарың тек 20,14 проценті бюллетенге белгі қойып үлгерген. Әмина, мендегі бар ақпарат әзірге осы. Сөз тізгіні өзіңде.

А. Съезбек