Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«AMANAT» партиясының жобасы аясында 150-ге жуық зейнеткер демалыс орындарына аттанды

AstanaTV
07.06.2022ж. 20:00
2510
«AMANAT» партиясының жобасы аясында 150-ге жуық зейнеткер демалыс орындарына аттанды

Павлодарда «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында {КСМ} 150-ге жуық зейнеткер Баянауылдағы демалыс орындарына аттанды. Шараны Қазақстан алюминий зауытының бастауыш партия ұйымы ұйымдастырды. Ардагерлерді шығарып салу рәсіміне партияның облыстық филиалы өкілдері де арнайы келіп, әр зейнеткерге жеміс-жидек салынған себетті тарту етті.

Айтқожа ЖАЗЫЛБЕКОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Партия «AMANAT-қа» көп рақмет! Осындай сыйлығына, жылулығына. Ұмытпай бізді апарып демалуға. Жақсылық болсын түгелі.

Ғизат БИЖАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Біздің зауыт жылда жылда осындай ардагерлерге демалысқа жіберіп отырады. Біз зауытқа сол үшін қуаныштымыз. Одан да көп көмектері бар. Енді бүгін бізге ойламаған жерден «AMANAT» партиясы сыйлық беріп жатыр. Оларға да көп рақмет айтамыз.

Ардагерлерге демалыс ұйымдастыру бастауыш партия ұйымдарының 20 пайыз жарнасын әлеуметтік жобаларға жұмсау туралы бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан. Партия өкілдері бұндай игі дәстүрдің жалғасын табатындығын жеткізді.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біздің негізгі мақсатымыз бұл игі дәстүрді одан әрі жаңғырту. Менің ойымша, алдағы уақытта ферроқорытпа зауыты, «Шығыс» көмір кеніші осы жобаларды  жалғайтын болады. Бұл жұмыс кәсіпорындардағы әрбір партияластарымыздың жайлы өмір сүруіне септігін тигізеді – деп, сенеміз.

Ө. Қуанар