Қазақ
күресіне қаржылай қолдау бизнес-элитаның тарапынан да жасалған. Әсіресе,
«Forbes» рейтингісіндегі қазақстандық байлардың біразы көмек қолын ерікті түрде
созыпты. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы, жоба авторы Арман
Шораев осындай ақпар айтты. Сондықтан алдағы уақытта палуандар турнирінің
қатары артпаса, азайтылмақ емес. Әрі оны өткізу сапасы да мейлінше жақсарып
отыр. Мәселен, биыл ұйымдастыру мен төрешілер әділдігіне күмәнданып, сын
айтқандар болмаған.
Енді ЭКСПО құрметіне арналған «Еуразия барысы» турнирі мен
әлем чемпионатына әзірлік басталуы тиіс. Ол да қыруар қаржыны қажет етіп тұр.
Десе де 3-ші шілдеде өткен «Қазақстан барысы-2016» додасында үнемдеу бәрібір болыпты.
Яғни жүлде қоры әдеттегіден 2 есеге кемітіліп, 42 млн теңгені құраған.
Арман
Шораев, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы:
Меніңше, 25 млн теңге де
аз жүлде емес. Одан бөлек, Астана қаласының әкімі палуанға бір бөлмелі пәтер
табыс етті. Жалпы бізге Президент әкімдігі мен ұлттық компаниялардан бөлек,
жеке кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп жатыр. Тіпті «Forbes» тізіміндегі бизнес-элитаны да
қолқалаған жоқпыз. Өздері қаржыларын қосты. Сондықтан «Қазақстан барысы»
өміршең болатын республикалық, халықаралық турнир болуы тиіс.
Құралай ПИОНЕР