Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1649
Зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қаларып жатыр. Бұл туралы Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Мәжіліс спикері мемлекеттің мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін, сондықтан бұл мәселе күрделі екенін атап өтті. Еске салайық өткен аптада сенаторлар әйелдердің зейнетке шығу жасын 58- ге дейін қысқартуды ұсынған болатын.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Бұл мәселені бұлай жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі, бұл мемлекеттің мүмкіншілігін қарау керек. Барлық жағынан. Бүгінгі күні сондай талап-тілектер айтылып жатыр. Оны біз білеміз. Өңірлерге барған кезде де ондай мәселелер айтылды.  Ол бойынша Үкімет тиісті құзыретті біздің орган жұмыс жасап жатыр.

А. Куаш