$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ботаникалық баққа 325 мың гүл егілді

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
2803
Ботаникалық баққа 325 мың гүл егілді

Биыл елордадағы ботаникалық баққа 325 мың гүл отырғызылған. Жыл сайын жаңа өрнекпен егілетін бұл өсімдіктер қаламыздың ең үлкен паркіне жаңаша кейіп береді. Астанамыздағы жасыл алап туралы тілші материалында.

Соңғы уақытта ботаникалық бақтарды өнер туындыларына ұқсатып жасау сәнге айналған. Жасыл желегі жайқалған ерекше туындылар жыл өткен сайын қайталанбас ландшафымен туристердің көзіне түсіп, ел аузында аңыз болып тарап жүр. Ботаникалық бақтағы гүлдерді де әдемі ою-өрнекпен өсіріп жүрген бағбандар ерекшеленуге тырысуда.

Гүлшат РАХИМБАЕВА, БАҒБАН:

Жыл сайын бір жылдық және көпжылдық гүлдер егеміз.  Сол үшін ботаникалық бақтың ішінен 8 мың шаршы метр бөлінген.  Берілген аумаққа 325 мың гүл егіледі. Жыл сайын өзгеше өрнекпен, жаңа гүлдер отырғызамыз. Осылайша бағымыз жылда жаңаша кейіпке енеді.


Сарыарқаның шұғыл континентті климатына әлемнің әр бұрышынан әкелінген өсімдіктерді жерсіндіру оңай шаруа емес. Қазір мұнда 40 мыңға жуық ағаш өсіп тұр. Оған қоса 30 мың көшет егілген. Олардың бәрін ала жаздай 125 адам күтіп-баптайды.

Мейрам ҚҰРМАНОВ, «ЖАСЫЛ ЖЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС АГРОНОМ:

Басқа ботаникалық садтармен салыстыруға болмайды да, елу жыл, жүз жыл болған ботаникалық садтарға. Себебі бұл жаңадан құрылған бақ. Сондықтан бұл жерде талдардың биітігі де сондай биік емес. Енді алдағы жылдарда күтіп-баптау жұмыстарын атқарамыз. Бұлар да елу жылдан кейін үлкен-үлкен талдар болып өседі.

54 гектар аумақты алып жатқан баққа елордалықтар демалуға жиі келеді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары парк ортасындағы жасанды көлшік жағасында пикникке шығып, ағаштардың арасында серуендеуді әдетке айналдырған.  Адамдардың айтуынша, ботаникалық бақ таза ауамен тыныстау үшін таптырмайтын орын.

С. Селеубайұлы