Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Астана» телеарнасы комедия жанрын сүйіп көретіндерге жаңа туынды ұсынады

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
987
«Астана» телеарнасы комедия жанрын сүйіп көретіндерге жаңа туынды ұсынады

Әзіл сүйер қауым үшін жағымды жаңалық! Жаңа маусымда Астана телеарнасы ең күлдіргі, әрі қазақи «Жұрттың балалары» скетчкомын көрермен назарына ұсынбақ. Комедия жанрындағы туынды кәсіпкер, такси жүргізушісі, учаскелік полиция сынды кейіпкерлердің бастан кешірген шытырман оқиғалары желісінде өрбиді.

Мегаполистегі үйлердің бірінің ауласында түсіріліп жатқан туынды бірнеше кейіпкерді қамтиды.  Зейнеткер, кәсіпкер, учаскелік полиция қызметкері және такси жүргізушісі. Олардың әрқайсысы өмір жолында кезігетін қиындықтармен, қызықтарын әзіл арқылы жеткізеді. Қоғамның қытығына тиетін тақырыптар да  қозғалады дейді, техникалық топ жетекшісі.

Әділбек ҚОЙШЕКЕНОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ТОП ЖЕТЕКШІСІ:

Барлығы әдемі кетіп  жатыр. Клиповая нарезкалар бар кейбір уақытта. И до этого түсірілген локация бар. Самолеттың ішінде түсірген болатынбыз. Ол жерде де экспериментальный болып жатыр.
 
Құлақты елең еткізер «Жұрттың балаларын» кілең танымал әртістер сомдайды.  Әнші және актриса - Элизат Берікова, жайдарманшы – Ақболат Өтебаев,  юморист – Арнат Өтепбергенов.  

Арнат ӨТЕПБЕРГЕНОВ, АКТЕР:

Екі-үш рет ойнап жатырмыз. Уже өзімізге форманы киіп, үйреніп қалдық. Шыны керек.
 
Элизат БЕРІКОВА, АКТРИСА:

Қызығатынмын. Стюардессалар әдемі болып, әрқашан сөйтіп, неше түрлі тілде сөйлеп жүргенге.  Егерде мүмкіндік болса менде ойлайтынмын ішімнен стюардесса болсам ғой деп, сол арманымды осындай съемкалардың ортасында орындалып кетті. Қызық екен.
 
Жоба авторы туындыдағы   әзіл-қалжындар өмірде де кездесіп жатады дейді. Комедия жанрындағы скетчком көбіне ұнайды деп сенеді. Актерлік құрам ерекше екенін айтады.
 
Жомарт ЗИЯБЕК, ЖОБА АВТОРЫ:

Сол 5-6 персонаж, әр персонаж өзі жақсы актерлар таңдалды. Барлығы жақсы ойнап жатыр. Бір текстті берсең өздері қосып ойнайды. Шуткаларды дамытып жіберіп жатыр. Сондықтан да қызықты дүниелер болады. Енді бұйыртса күтіңіздер.

 
Шытырман оқиғаға толы туынды 10 бөлімнен тұрады. Отандық комедия  жаңа маусымда «Астана» арнасының көрермендеріне жол тартпақ.

Ә. Лесбек