Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елорда іргесіндегі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1352
Елорда іргесіндегі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Елорда іргесіндегі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды.  Төтенше жағдайлар министрлігінің  ақпаратынша, Қорғалжын тас жолы бойында,  үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта қамыс өртенген. Өрт  шамамен 6,5 гектар жерді шарпыған.   Бір күн бұрын өрт жартылай оқшауланған. Алайда, түнде қайта күшейе түскен. Өрт сөндіру қызметі мамандарының айтуынша, 100-ден астам техника мен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі күн арпалысқанымен,  ауыздықтай алмаған.   Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Назарәлі СЕЛІМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тікұшықсыз өртті сөндіру мүмкін болмады. Өйткені, жол жоқ. Таңертеңнен бері 15 рет су құйылу жұмыстары жүргізілді. Бір  құйғаны- 3 тонна.   Өрттің себебін қазір нақты айта алмаймыз, анықталып жатыр.

Ә. Дүкембаева