$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде кейбір ауыл тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы ауыз суға жарымай келген

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1948
Елімізде кейбір ауыл тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы ауыз суға жарымай келген

Он жылдан бері ауыз судың мәселесін шеше алмай отырған ауылдар бар. Суды аудан орталықтарынан тасып ішіп жүрген тұрғындар, проблемаларын шешетін шенеунік таппаған. Әкім қаралардың есігін әбден тоздырған қараша мәселелерін айтып "AMANAT" партиясына жүгінді. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.

Ақмола облысының Егіндікөл ауданында 6 мыңға жуық адам тұрады. Соңғы кездері бұл ауылдан береке қашқан. Көбінің ойы ауылдан тездетіп көшсек дейді. Өйткені ауыз судың проблемасы шешілер емес. Әсіресе жаз айларындағы аптап ыстықта қиын дейді,- бұқара.

Гүлнар МАҚАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Министрліктен, үкіметтен бізге назар аударуды сұраймыз. Бұл мәселені біз тіпті облыс көлемінде де өз күшімізбен шеше алмаймыз. мұның бәрін мемлекет шешуі керек. Тек бізге су беріңіз.

Валентина ПЕРЕКРЕСТ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылда өмір суру қиындап барады. Адамдардың қазір ойлары өзгерген. Дені көшуді ойлайды. Өйткені бұлай өмір суру өте қиын.

Жергілікті билік ауыл халқына ауыз суды тасмалдап жүр. Көлік аптасына бір-ақ рет келеді. Бау-бақшаға су жетпейтін көрінеді. Мұның ақыры экологиялық апатқа әкелері сөзсіз дейді,-тұрғындар.

Елена СЫЧ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бәрі бақшаны суару үшін техникалық суды алады. Ешкім алыс көлдерге су үшін барғысы келмейді. Сондықтан қазір бақтар аз отырғызылады, ал бізде гүлдер аз болды.


Аудан атқамінерлері жағдайдың ушығуына су құбырларының тозуы себеп деп отыр. Ауылдар арқылы өтетін құбыр желісі 70-ші жылдары салынған. Содан бері тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Ерлан МҰХАМЕДИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда депутаттардың қолдауымен, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен қажетті 387 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 100 млн.теңге бөлінді. Жобалық жұмыстар қазірдің өзінде басталды, олар жүргізілуде. Бұл жерде мәселе оларды тез арада аяқтау және жөндеуге ақша бөлу болып табылады.

Маңғыстау облысының Бек ауылының тұрғындары да соңғы 15 жылдан бері ауыз су мәселесімен күресіп келеді. Ауылда 500-ге жуық адам тұрады. Айтуларынша, арызын арқалаған тұрғындардың бармаған жерілері, баспаған таулары жоқ.

Тілек НҰРТІЛЕУОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БЕКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Халық судың зардабын шегіп отыр. Үш жылдан бері қазсушар дейтін мекемеден судың дұрыс пайдасын көрген жоқпыз. Осы халық куә.

Мәселелерін шеше алмай мезі болған ауыл тұрғындары "AMANAT" партиясына жүгінді. Атқарушы хатшы Асхат Оралов тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, жөндеу жұмыстары аяқсыз қалмайтынын айтты.

Қуаныш ЖӘНІБЕКҰЛЫ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ОҢДЫ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазіргі уақытта дейтін Басқұдық ,Бекі елді-мекендері арасында дейтін су құбырларын жалғап барлығын бітірді. 20 жылдан бері су тартылмай келе жатып міне, бір мәселе болған. Басқұдықтан 7 шақырым жердегі үлкен биіктіктің басына дейін су жеткізу мәселе болып тұр еді. Қазіргі таңда сол биіктіктен асып, сәулет деген жерге жақындап қалды.


Айта кетейік, соңғы  4 ай ішінде партия мүшелері бүкіл ел бойынша 600-ге жуық ауылдық елді- мекенде болып, онда 5 мыңға жуық адамды  қабылдаған.

Б. Сатуов