Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
746
85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Қостанайда 85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Оның тіпті жүргізуші куәлігі де болмаған.  Айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ, тағы бір қала тұрғыны 47 рет  жол қозғалысы ережесін бұзған. Оған 1 миллион теңге шамасында  айыппұл салынған. Ереже елемегендердің көлігі  мамандандырылған тұраққа қойылды. Жыл басынан бері аймақ бойынша  жалпы көлемі 265 миллион  теңгеден асатын  42 мың әкімшілік айыппұл салынған.

Серік ӘБДІХАЛЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПРАКТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:


Автоматты түрде автоураган және «еркін» патруль системаларымен анықталған. Рудный қаласындағы жүргізушіде жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған. Ал Қостана қаласындағы мазда көлігінің иесінде сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан нұсқаулар үйлеріне жеткізілмеген.

З. Санай