Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жатақхана тапшылығы қалай шешіледі?

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1066
Жатақхана тапшылығы қалай шешіледі?

Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарының саны артып келеді. Студент көбейген сайын жатақханада орын жетіспей жатыр. Бұл мәселе 2022 жылдың соңына дейін толығымен шешілуі тиіс. «Бес әлеуметтік бастама» үндеуі аясында Білім және ғылым министрлігіне студенттерге арнап 184 жаңа жатақхана салу тапсырылған. Жоспар солай.  Ал жоспар қалай орындалып жатыр?Әріптесім, Ақбота Базарбай тарқатып айтады.

Өткен жылы еліміз бойынша студенттердің   16% ғана жатақханамен қамтылған. Мұның бірнеше себебі бар. Білім және ғылым вице- министрінің айтуынша, жатақхананы қала ішіне немесе оқу орнына жақын салар кезде жергілікті тұрғындар қарсылық білдіреді. Бұл жұмысқа кері әсер етеді дейді.   Сондықтан қажеттілікті толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік болмай тұрған көрінеді.

Қуаныш ЕРҒАЛИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
 
Бүгінгі күні көрсетілген қажеттілік 84 мыңнан астам орынды құрайды.  Оның ішінде жоғарғы оқу орындарында 69 мыңдай, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 14 мыңнан астам орын қажеттілігі бар.

Соңғы 3 жылда 30 мыңнан астам  жатақ орын  пайдалануға берілген.  Сонда да  қажеттілік 20 мың орынға  өскен. Қазақ Ұлттық педагогика университетінің өзінде 15 мыңға жуық студент  кезекте тұр.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазақ Ұлттық педогогикалық Университетінде қазір 16 мыңнан астам студент оқиды. 1 жарым мың ғана жатақханаға орны бар.  Оның барлығы совет үкіметі кезінде салған жатақханалар. Дайын инвестор бар, участок бар, саламыз деп тұр. 500 орынға жатақхана салынатын болып жатыр. Қандай мүмкіндіктен біз өзіміздің жастарымызды айырып жатырмыз.  


Ал, Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың айтуынша, әкімдіктер мен жоғарғы оқу орындары берген мәлімет қаржы орталығының мәліметімен сәйкес келмейді. Кейбірі тіпті ауызбен айтқандарын қағазбен растай алмай отыр дейді.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қаржы орталығының мәліметіне сәйкес 2021 жылы 10 364 орынға арналған 39 жатақхана пайдалануға берілген. Бірақ, пайдалануға берілген 49 жатақхананың эксплуатацияға  берілгендігі туралы құжаттарды біз барлығынан ала алмадық. Және бір қатар проблемалармен кездестік.


Нұр-Сұлтан қаласында былтыр бірде бір жатақхана салынбаған. Ал, қала әкімдігі 2021 жылы 660 орынға арналған 3 жатақхана пайдалануға берілді деп ақпарат берген.

А. Базарбай