Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президент БАҚ өкілдерін құттықтады

AstanaTV
28.06.2022ж. 20:00
843
Президент БАҚ өкілдерін құттықтады

Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінде әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда сіздердің шынайы әрі сыни көзқарастарыңыз түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді. Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті.  Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз.