Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей "азаптау"фактісімен күдікті ретінде қамауға алынған

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
984
ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей "азаптау"фактісімен күдікті ретінде қамауға алынған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сегіз қызметкері мен бір полицей қаңтар оқиғасына қатысты «азаптау»  фактісімен күдікті ретінде  қамауға алынған.   Бұл туралы   Бас прокурордың  орынбасары Әсет Шындалиев айтты. Оның сөзінше, азаптаудан 6 адам, барлығы 238 адам қайтыс болған.   Толық тізімді жария ету үшін әрқайсысының қандай жағдайда көз жұмғанын толық анықтау керек дейді. Тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.  Әсет Шындалиевтің мәліметінше, барлығы 15 адам күдікті деп танылған.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

15 адам күдікті деп танылған азаптау ісі бойынша. Оның 9 адамы қазір қамауда. 8 адам КНБ-дан, 1 адам полициядан. Тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр, біз оларды кінәлі деп әлі айта алмаймыз.

А. Базарбай