Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жедел жәрдем қызметінің салғырттығынан қызымның тырысқағы ұстап, өміріне қауіп төнді

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
1590
Жедел жәрдем қызметінің салғырттығынан қызымның тырысқағы ұстап, өміріне қауіп төнді

Ақмола облысының тұрғыны жедел жәрдем қызметінің бейқамдығынан, қызымның өміріне қауіп төнді деп отыр. Айтуынша, таңғы сағат 8-де шақырған алғашқы медициналық көмек, ауруханаға науқасты 2 сағаттан кейін ғана апарған. Жол жөнекей тоқтап, жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілігін ауыстырып жүргенде бүлдіршіннің екі мәрте тырысқағы ұстаған. Ашынған ана телеарнамыздан көмек сұрап хабарласқан болатын.  Жайнагүл Бимағанбетованың жан айқайын тілшіміз Бекболат Сатуов жеткізеді.

Жайнагүл Бимағанбетова жедел жәрдемді таңғы сағат сегізде шақырған. Алайда көлік жол-жөнекей қайта-қайта тоқтап, қызметкерлер кезекшілігін ауыстырып, науқасты көлік ішінде күттіріп қойған.

Жайнагүл БИМАҒАНБЕТОВА, ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Не істерімді білмедім. Не фельчер жоқ. Балама не істерімді білмей жаным қысылды. Жаным қысылған кезде, шығам мен есікті ашыңдар, мен такси ұстаймында басқа дәрігерлерге барамын дедім. Немесе жақын маңдағы дәрігерлерге апарыңдаршы, бірінші көмекті көрсетіңдерші менің қызыма деп.


Жолда науқас баланың екінші рет тырысқағы ұстаған. Ал ақ халаттылар жайбырақаттыққа салып, ауруханаға сағат 10-да бірақ жеткен.

Ауруханадағылар дәрігерлер қазір 3 жастағы баланың жағдайын орташа деп бағалады.

Медет НҰҒМАНОВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бөлімшеде жатыр бала.Зерттеуде.Осы зерттеп болғаннан кейін баланың әрі қарай қандай дәрі-дәрмек алатыны белгілі болады. Қазіргі күні баланың жағдайы орташа.

Бұл келеңсіздікке қатысты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына шықтық. Олар өзара арнайы жиын өткізіп, науқасты тасымалдау барысында заң бұзушылыққа жол берілгенін анықтаған.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Целиноград ауданы Талапкер ауылы тұрғынының ДЦП, эпилепсия ауруымен ауыратын балаға шұғыл көмек көрсетудің жөнсіздігі туралы өтініші бойынша талдау жүргізілді. Қоңырау 8:18-де түсті. Шақырудың себебі - конвульсиялық синдром. Талдау барысында пациенттерді тасымалдау алгоритмінің бұзылуы анықталды.  

Жолда жедел жәрдем қызметкерлері ауысым үшін тоқтағаны расталды. Науқасқа қиындық тудырғаны үшін сол күнгі кезекші фельдшер жұмыстан босатылған. Сондай-ақ қосалқы станцияның аға фельдшерімен кезекші ауысым диспетчері, екінші фельдшер және жедел жәрдем жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланған. Сонымен қатар қызметкерлерге атқаратын лауазымына сәйкес қайта аттестаттау жүргізу шешімі қабылданды.

Б. Сатуов