Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылжарда көкжөтел ауруы пайда болды

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
976
Қызылжарда көкжөтел ауруы пайда болды

Қызылжарда 3 жасар баладан көкжөтел анықталды.   Тамақ ауруының күрделі түрі болып саналатын бұл індет 2  жылдан бері тіркелмеген. Сәбиді тексерген емхана дәрігерлері ауру белгілеріне күмәнданып, қан сараптамасын зертханаға жіберген. Эпидемиологтар   көкжөтелді растады.  Қазір  баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оны оқшаулап, жіті бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, аталған індет балалар мен қариялар арасында кездеседі. Көп жағдайда екпе алмаған адамдар шалдығады дейді. Биыл көкжөтелдің вакцинасынан 370 ата-ана бас тартқан.

Айнаш САҒАНДЫҚОВА, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Осы жаңа ауырып қалған үш жарым жастағы бала- ата-анасы ваакцинациядан бас тартқан бала. Көкжөтелдің ерекшелігі жайында айтатын болсақ, тыныс алу функцияларының бұзылуы және аурудың даму кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабатының зақымдануы болып табылады. Осы жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар арасында және қарттар арасында жиі тіркеледі.

Бұдан бөлек елімізде коронавируске шалдыққандар көбеюде. Соңғы   тәулікте қауіпті індет 110 адамнан анықталған. Бұл алдыңғы күнге қарағанда 1,5 есе көп.  Ең көп науқас Алматы  қаласында  тіркелген. Мұнда бір күнде 56 адам коронавирус жұқтырған.

А. Құрманкин