Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
877
Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты

Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты. Былтыр қараша айынан бастап мегаполиске  380 мың вакцина жеткізілсе, қазір соның  тек 10 мыңдай дозасы қалған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оның себебін шекаралардың ашылуымен байланыстырады.  Әрі дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы сертификат берген.Көп мемлекет Pfizer-дің екі компонентін талап етеді.  Сондай-ақ, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде. Мамандардың айтуынша,  көбінесе вакциналанбаған және бір жыл бұрын екпе алған, ревакцинациядан өтпеген адамдар вирус жұқтырып жатыр. Соңғы   тәулікте қауіпті індет 110 адамнан анықталған. Бұл алдыңғы күнге қарағанда 1,5 есе көп.  Ең көп науқас Алматы  қаласында  тіркелген. Мұнда бір күнде 56 адам коронавирус жұқтырған.

Ә. Лесбек