Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысында сатылып кеткен малға да "екпе егілді" деп есеп берілген

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
960
Түркістан облысында сатылып кеткен малға да "екпе егілді" деп есеп берілген

Түркістан облысында сатылып кеткен малға да "екпе егілді" деп есеп берілген. Мұны облыс прокурорлары анықтады. Төрт түлік арасында тарайтын аса жұқпалы ауруларға қарсы екпелер уақытылы салынбаған.  Бірақ  жалған құжаттар толтырылып отырған. Құзырлы орган өкілдерінің дерегінше, бұлайша белден басу әсіресе  Жетісай, Түлкібас және Сайрам аудандарында болған. Бір ғана Түлкібас ауданының өзінде  9 ауылдық округте тұрғындардың малы дер кезінде тіркеуге алынбағаны анықталды.

Асылбек ТҰРШЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ:

Әр мал иесінен 10-20 мал бастарының базаға енгізілмеген фактілері анықталды. Бірақ шын мәнінде оларға қағаз жүзінде вакциянация салынған деген жазбалар жазылған. Бірақ базаға енгізілмеген. Осылар бойынша әрбір ветқызметкерден, ветдәрігерлерден түсініктемелер алынды. +Ветеринарлық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

А. Төребекқызы