Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент алтыншы каспий саммитіне қатысты

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
1054
Президент алтыншы каспий саммитіне қатысты

Ашхабадта алтыншы Каспий саммиті өтіп жатыр.  Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстан астанасына барды. Сапар барысында Президент   екіжақты кездесулер өткізді. Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы президенті, Халк Маслахата төрағасы Милли Генгеш Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.  Кездесу барысында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде Қазақстан мен Түрікменстанның байланысы бауырластық әрі стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені туралы айтылды. Екі тарап ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына  тоқталды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз  үнемі Ашхабадта өте маңызды себептермен, жақсы көңіл-күймен кездесеміз. Өтіп жатқан  Каспий саммиті  халықаралық деңгейдегі  өте маңызды оқиға. Жалпы негізгі құжаттар мақұлданды және қабылданды. Дегенмен, Каспий мәселесіне, ықпал ететін өте қызықты талқылау күтілуде.

Ә. Дүкембаева