Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы облысында орманды жерлерді бөлісіп алған

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
991
Алматы облысында орманды жерлерді бөлісіп алған

Алматы облысында мемлекеттің орманды жерлерін жекелеген адамдар аң шаруашылығы үшін пайдаланып отыр. Осылай деген мәжілісмен Зәкіржан Күзиев Экология министрі Серікқали Брекешевке депутаттық сауал жолдады. Тіпті, ерекше аумақтарға қол салып, аңды жаппай жою әдетке айналған деді. Ал, ауылды жерлерде мал жаятын жер қалмаған. Қорасында төрт-түлікті бордақылап отырғандар санитарлық-ветеринарлық талаптарды бұзып жатқанын жеткізді. Депутат министрден соңғы 20 жылдан бері жайлауларды иемденіп алғандарға қатысты шұғыл шешім шығаруды сұрады.

Зәкіржан КҮЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Кеген ауданында мемлекеттік орман қорынан 415 мың гектар жер 12 адамға тиесілі болса, Райымбек ауданында 523 мың гектар жерді небәрі 11 адам аң шаруашылығы үшін қоршап алған. Ал Ұйғыр ауданында жағдай тіптен қиын. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры мен мемлекеттік жерден 415 мың гектар жерді бар-жоғы аң шаруашылығын жүргіземіз деген мақсатта 6 адам бөліп алған. Бұл аудандағы орманды жерлердің 97 пайызын құрайды. Сонда осы үш аудандағы бір жарым миллион гектар жер бар-жоғы 30 адамның ғана қолында қалған.


А. Базарбай