Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Отандық тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту қажет

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
912
Отандық тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту қажет

Қымбатшылықтан шығар жол бар, ол – отандық өнеркәсіпті дамыту. Сарапшылар әлем көз тіккен саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Санкция қос бүйірден қысқан соң, солтүстіктегі көрші мемлекет бірқатар тауарды экспорттауға шектеу қойды. Осыған орай азық-түлік тапшылығын сезінбес үшін өз қажеттілігімізді өзіміз өтеуіміз керек дейді. Тараптарды тындаған әріптесім тақырыпты тарқатады.

Ресей біздің Қытайдан кейінгі ең ірі сауда серіктесіміз болып табылады. Азық-түліктің 50 процентін осы мемлекеттен тасымалдаймыз. Мамандар антиресейлік санкцияларға байланысты тығырықтан шығар жол бар. Яғни серіктестерді әртараптандыруға мән беруіміз қажет деп отыр. Сондай-ақ, отандық өндірісті мықтап қолға алған жөн. Сонда баға да тұрақты болады, қосымша жұмыс орындары да ашылады.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, ЭКОНОМИСТ:


Қазір біз отандық тамақ өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Тек қағаз жүзінде емес, үздіксіз жұмыс істейтін сапалы зауыттар ашу қажет.  Өз қантымыз, сұйық майымыз, астығымыз тапшылықтарымызды өтеп жатса, басқа елге тәуелді болмаймыз. Жыл сайын зауыттарымыздың санын 15 процентке өсіріп отырсақ, бес жылда біраз өнімді өз елімізде өніруші еді.


Жалпы, Қазақстан мен Ресей арасында қарым қатынас өзара достыққа негізделген. Бірақ арандатушылар да аз емес. Қисынсыз әңгіме көп. Санкция салқынын сезінбес үшін Еуразиялық экономикалық одақ құрамынан шығу керек деген пікір де қоғам арасында айтылып жүр.  Алайда, экономикалық сарапшылар мен саясаттанушылар бір ауыздан, бұның саяси қате қадам болатынын болжауда.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Техникалық тұрғыда Еуразия экономикалық одақтан шығу әрине мүмкін. Бірақ бұған орынсыз қаржылық шығындар кетеді. Қазақстан үшін тиімдісі басқа да экономикалық одақтарды дамытуға мән беруіміз керек. Мысалы, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі, ол Еуразия Экономикалық Одағынан анағұрлым кең. Қазір бізді BRICS тобына бақылаушы ретінде шақыруда. Әлбетте, біз етене жақын жатқан көршілермен арадағы сауда-саттыққа да көңіл бөлгеніміз жөн.


Дамир ФАЗЫЛЖАН, САЯСАТТАНУШЫ:
 
Қазақстан тек Ресеймен байланыс орнатуды көздеп отырған жоқ. Ол алға көпвекторлы саясатты қолдайды. Халықаралық ойыншылардың барлығымен, авторларымен бірдей ұтымды, экономикалық-саяси  қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыр. Сондықтан бұл Қазақстанның сыртқы саясатына әсер етпейді.

Ал депутаттар «Әбігер көршің - бәрібір көршің" мақалын назарда ұстау керекпіз дейді. Ресеймен алыс-беріс, барыс-келіс тоқтаған емес. Тоқтамайды да деді.
 
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 
Біз үшін Президент Тоқаев айтқандай, біз осы халықаралық санкцияларды бұзбау үшін біз өте мұқият елімізге келе жатқан мынау Ресей, Белорусь компаниялармен жұмыс істеу керек. Әрине, олардың бері қарай келгені жақсы. Олар тіркеуден өтсе, Қазақстанның салық төлеушісі деп санауға болады. Олар біздің азаматтарға жұмыс беруі қажет. Олар жаңа технологиялар алып келу керек, IT технологияларға қатысты болса.


Айжан ШАМШИДИН, ТІЛШІ:

Ресеймен әлем елдерінің геосаяси ахуалы ушығып тұрғанына қарамастан, Қазақстан дипломатиялық, бейтараптық қағидасын үнемі ұстанады. Бұл ретте шекарамыз да ең ұзақ шектескен ел екендігін ұмытпаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ әлеуетін пайдаланып, басқа елдердің нарығына шығу керекпіз. Сондықтан екі ел арасындағы байланыс үзілмек емес.


А. Шамшидин