Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1657
Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте 6 жасар бала бассейінге батып кетті.  Жазатайым жағдай Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі  жекеменшік шомылу орындарының бірінде болды. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, ойын баласы ол жерге  ата-анасымен бірге суға түсуге келген. Қас қағым сәтте қараусыз қалған балақай абайсызда суға құлап, батып кеткен. Алты жасар бала арнайы баллонмен суға түскеніне қарамастан ажал құшқан. Соған қарағанда құтқару шеңбері кеңдеу болды ма деп топшылайды төтеншеліктер. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

А. Төребекқызы