Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Құмар ойын ойнатылғаны аздай, әр жұмада жалаңаш қыздар би билейді» -тұрғын

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
2592
"Құмар ойын ойнатылғаны аздай, әр жұмада жалаңаш қыздар би билейді» -тұрғын

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары   шу шығарды. Айтуларынша,  өңірдегі ойынхананың кесірінен кейбір отбасылар ажырасып жатыр. «Себебі мұнда құмар ойын ойнатылғаны аздай,әр жұмада жалаңаш қыздар би билейді» дейді.  Жергілікті билік ойынхананы жапсын деп талап етуде.   

Ардақ Қазақбайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында видео  жариялаған. Айтуынша, бұл көріністер  аудандағы ойынханада түсірілген. Ардаққа оны бір танысы жіберіп, жолдасымен ажырасып жатқанын айтыпты. Себебі құмар ойынға еліткен жігіт «Лото клубтан» шықпайтын көрінеді. Оның үстіне, әр жұма сайын телефонына «сылқым қыздардың биін тамашалаңыз» деген мәтінде хаттар келіп тұратынын айтқан.

Ардақ СЫЗДЫҚОВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Міне, менің күйеуіме осы видеоларды жібергені үшін, болмаса шағым жазғаным үшін ылғи таяқ жеймін. Міне, мынау шектен шыққандық. Осы жұма күні осындай би болыпты дейді. Әр жұма күйеуінің телефонына смс келеді екен.  

Ауданның бір топ тұрғыны, клуб келушілерді құмар ойынмен ғана алдап- арбамайды, жалаңаш қыздардың биімен елітіп, азғындап жатыр дейді. Сондықтан оның жабылуын талап етуде.

Айгүл БАЙМЫРЗАЕВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жалпы отбасыларды құрдымға жіберіп жатыр бұл клуб. Алдап қанша адамды жоқ қылып жатыр. Құзырлы органдар осындай көз жұмып отыра беруі керек па. Жабылсын, біздің талабымыз сол.
 

«Лото клуб» басшылығы мұнда ондай шоу ұйымдастырған жоқпыз деп отыр. Алайда, арнайы сұхбат беруден бас тартты. Ал аудан әкімдігі ойынхананы жабу туралы тұрғындардан жиі шағым түсетінін айтады.  

Алмасбек ЕСМАХАНОВ, ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жасыратыны жоқ. Аудан тұрғындары тарапынан бұл мәселе, отбасының бұзылуына, қоғамдық ахуалына әсерін тигізіп жатыр. Тақырыпты түрде тексеру, ішіндегі лоторея заңдылығына сәйкес келеді ма, келмейді ма тексеру құзіреті Шиелі ауданы әкімдігі құзырында емес. Біз аудан әкімдігі тарапынан, заңға сәйкес жабылуы бағытында тиісті жұмыстарды жүргізетін боламыз.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, аталмыш «Лото клуб» заңды түрде тіркеліп жұмыс істеп жатыр. Алайда, көлеңкелі бизнеспен айналысқан жағдайда заң шеңберінде жауапқа тартылады дейді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Лицензияда көрсетілген қызметтен басқа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған жағдайда, ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қаралған. Яғни, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Құзырлы орындар ойынханаға қатысты тексеру жұмыстарын бастамақ. Ал аудан тұрғындары ойынхана  оны жабу үшін соңына дейін күресеміз деп отыр.

М. Тоқтасынқызы