Оралда айналдырған екі күннің ішінде екі бала терезеден құлап кетті. Қазір екеуі де ауруханада жатыр. Олардың бірі - 5 жаста, екіншісі - 4-те. Тұрғын үйдің үшінші, екінші қабаттарындағы терезеден құлаған. Дәрігерлер олардың соққыдан миы шайқалғанын айтып отыр.
Айнагүл САҚБОСЫНОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Бала бас пен мидың жабық жарақатын алған. Миы шайқалған. Иық сүйегі сынған, қазіргі жағдайы тұрақты. Облыстық балалар ауруханасында.
Бүлдіршіндер мұндай келеңсіздікке ата-аналарының қарауынсыз қалған кезде ұрынған. Жазатайым оқиғаға қатысты ересектерге жаза қолданылмайды. Сонымен қатар, жыл басынан бері қанша бала терезеден құлағанын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені ондай статистика жүргізілмейтін көрінеді.
Е. Карин