Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда жаңа шектеулер енгізілді

Алматыда жаңа шектеулер енгізілді

Алматыда коронавирусқаь шалдыққандардың  көбеюіне байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бүгіннен бастап - науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;- екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;- жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу;-10-нан астам адам қатысатын жиындарды онлайн-форматқа көшіру ұсынылды. Қала қазір "қызыл аймақ " деңгейіне жақын тұр.  Мегаполисте стелс-омикрон штамы  белең алған.  Жас талғамайтын бұл вирус ересектермен бірге балаға да тез жұғады дейді мамандар.  

Әсел ҚАЛЫҚОВА, АЛМАТЫ қ. САНИТАРИЯЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық тіркелген жағдайларға эпидемиологиялық анализ жасау барысында және ПТР скрининг барысында қазір стелс-омикрон штамының өршіп тұрғанын байқадық. Бұл штамның көрсеткіші - 80 пайыз. Ол  жас талғамайды. Вирусты балалармен қатар ересектер де жұқтырып жатыр. Сондықтан қазір жабық ғимараттардың ішінде бетперде тағуға кеңес береміз. Ал ғимараттарда адам санын шектеу мен тойларды болдырмау жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы тәулікте  елімізде 482 адам қауіпті вирусты жұқтырған.  Қазір емделіп жатқандар арасында 16 науқастың жағдайы ауыр.  Қызылордада  кеше короновирус инфекциясын жұқтырған 40 адам анықталды. Науқастар арасында жасөспірімдер  де  бар.  Сондықтан мамандар  вакцина алуға кеңес береді.  

Айман ЖАНАҚАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Вирус жұқтырудың басым көпшілігі, коронавирус инфекциясына қарсы мүлде вакцина алмаған немесе осы соңғы вакцина алған күннен 6 ай өтіп кеткен адамдар арасынан анықталып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі 6 айдан кейін ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Қазіргі таңда біздің облысымызда вирусқа қарсы вакцинация жүргізуге де, ревакцинация жүргізуге де екпе қоры жеткілікті.

Әлем бойынша да эпидахуал мәз емес. Түркияда қонақ үйлердің 40%-ы қаңырап тұр. Туризмнің құлдырауына негізгі себеп - коронавирус инфекциясы. Оған қоса қымбатшылық туристердің бір бүйірінен қысқан көрінеді. Әдетте дәл осы кезде түріктер, туристерді орналастыратын жер таппай қиналса, қазір саяхаттап келетін қонақтар қатары азайған.

А. Базарбай