Кеше ғана "Жастар рухы" деп аталған AMANAT партиясы жастар қанатының Зерендідегі съезі бүгінде жалғасты. Біздің тілшіміз Бекболат Сатуов тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Бекболат, ауқымды шара басталғалы өзіңіз басы-қасында жүрсіз. Бүгін қандай шараларымен жастар көзге түсті. Сөз өзіңізде.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Қайырлы кеш Лаура. Бүгін съездің үшінші күні. Зерендідегі жастардың белсенділігі күн сайын арта түсуде.
Ресми шараларға шақырылған лауазымды тұлғаларға емін-еркін сұрақтарын қойып, жергілікті жерлердегі мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, "Дипломмен ауылға", жастар үшін қолжетімді баспана, тұрақты жұмыс орындары сынды өзекті тақырыптарды талқылады. Сондай-ақ, түрлі танымдық тренингтерге қатысып, білім біліктіліктерін жетілдіруде. Осы съезге қатысып жатқан делегаттардың бірімен сұхбаттасып көрдік.