$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада «АSAR JOLY» қайырымдылық акциясы басталды

AstanaTV
18.07.2022ж. 20:00
2029
Елордада «АSAR JOLY» қайырымдылық акциясы басталды

Елордада  «Asar joly» қайырымдылық акциясы басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, ел халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.  «Asar joly» қайырымдылық марафоны аясында еріктілер 20 өңірді екі жарым айда аралап шықпақ.   

Асхат НҰРМАШЕВ, "ASAR UME" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жақсылықта жарысып, елімізді аралап, бүкіл қалаға соғып 20 км шақырым жер жүру, мұқтаждарға пана беріп, қол ұшын созып, жас балаларға қиыншылықта жүрген отбасыларға мотивация беріп, оларға осы жоспар бойынша 50 шақты отбасыға баспаналы қылу.

Іс-шараның салтанатты бөлігі  этно-ауылда құрылтай форматында өтті.  Ат үстіндегі 50 шабандоз театрландырылған қойылым қойды.  Асхат Нұрмашевтың айтуынша,  шараға министрлік өкілдері мен өнер адамдары, елорда қонақтары мен блогерлер атсалысқан.  Елорда әкімдігі де оның бастамасын қолдап, қол ұшын беруге дайын екендерін білдірді.  

Қайрат ҚАМБАРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қала әкімдігі тарапынан біз де шетте қалмай, қолдайық, қол ұшымызды созайық деген мақсатпен, қазақта сөз бар ғой жұмыла көтерген жүк жеңіл деп. Жан-жақты қолдау көрсетіп, мынау Нұр-Сұлтан қаласынан бастамасын алып отыр. Тізім бойынша, мұқтаж отбасыларға көмектесу, бұл кісілер өздері қарастырып отыр.

3 жыл ішінде қор бүкіл Қазақстан бойынша үш миллионнан астам адамды біріктіріп, еліміздің 440 аз қамтылған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еткен.
 
Ә. Дүкембаева