$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жарты жыл ішінде 2 мыңға жуық елордалық онлайн саудадан опық жеген

AstanaTV
19.07.2022ж. 20:00
1479
Жарты жыл ішінде 2 мыңға жуық елордалық онлайн саудадан опық жеген
Онлайн сауда жасап, опық жегендер азаяр емес. Елордада жарты жыл ішінде 1894 адам желі арқылы тауарға тапсырыс беріп, алданып қалған. Үйден шықпай, телефон арқылы түйеге тапсырыс беріп, биеге де жете алмай қалғандардың арасында қыз-келіншек көп. Солардың бірі - Айнұр есімді студент. Ол Түркиядан тікелей арзан бағада сапалы киім алып беремін деген кәсіпкердің арбауына түскен. Әуелі төлем жасау үшін банк картасының нөмерін сұраған алаяқ, кейін картадан  ақша шешіп алған.

Айнұр, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сапалы тауардар алдырып беретініне уәде берген тұғын маған. Мен сол қызға сендім. Және де ол маған бірінші өзім төлем жасаймын. Сен істей алмайсың деп карта нөмерімді сұрады. Сосын мен ешқандай күдік ұстаған жоқпын да, ол қызға толықтай сендім. Және де мені алдай қоймайтын шығар, жақсы кәсіпкер қыз ғой деп сенген едім. сенгенім 1 күннен кейін алдымнан шығап, менің картамнан 50 мың теңге шешіп алған.

Айнұр секілді алаяқтардың арбауына түскендер саны карантин басталғалы 4 есеге өскен. Жеңіл ақша жасайтындар негізінен 25 пен 30 жас аралығындағылар екен. Егер қылмысы дәлелденсе, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады - дейді жауаптылар.

Рамазан АЛТАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПБ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

288 қылмыс бойынша қылмыс ашылды. Жылдың басынан бастап осы қылмысқа күдікті деп 60 тұлға ұсталды. Оның ішінде 25 кісі көптеген, бірнеше қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

Ал, Айгүл Үкібасова, керісінше, онлайн сауда жасаудың әдіс-тәсілін үйретіп жүрген маман. Декреттік демалыстағы ана әуелі өзі шетелдегі сауда компанияларымен байланысып, желі арқылы киімдерді елге алдырта бастаған.

Айгүл ҮКІБАСОВА, КӘСІПКЕР:

Маған ары-бері шығу қиындау, магазин аралаған қиындау деген сияқты. Сондықтан сайтқа қарап, өлшемін қарап, киім болсын, ыдыс-аяқ болсын, даже тамақты да әкеліп жатыр да. Сол бойынша ыңғайлы өте.

Онлайн тапсырыспен келген тауарын кері қайтарғысы келетіндер де жиі кездеседі. Заңгер ондайн саудада сапасыз затқа ұрынып қалғандар да өз құқықтарын қорғай алады дейді.  

Жанар ЕРЖАНОВА, ЗАҢГЕР:

Егер кәсіпкер тауарды қайтарып алудан бас тартса, онда кез келген адам құқыққорғау органдарына жүгіне алады. Дәлел ретінде төлем жасалғаны туралы түбіртек болса жетеді.  Кәсіпкер 15 күннен кешіктірмей ақшаны қайтаруы керек.  

Ұлттық экономика министрлігі қылмыстың көбеюіне қарамастан биыл 22 мыңға жуық интернет дүкен ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, электронды сауда саласына байланысты 200 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарда бар.
 
А. Задабек