Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордада биыл 113 нәресте шетінеген

AstanaTV
21.07.2022ж. 20:00
1149
Қызылордада биыл 113 нәресте шетінеген

Қызылордада ана мен бала өлімі жиілеп тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, былтыр дәл осы кезеңде 94, ал биыл 113 нәресте шетінеген. Сондай-ай жыл басынан бері Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қалаларында ана өлімі тіркелген. Мамандар жүкті әйелдердің басым бөлігі қауіп-қатер жағдайында босанатынын айтады. Олардың денсаулығына  экологиялық фактілердің тікелей әсері бар дейді. Сондай-ақ, өлім-жітімнің артуын кадр тапшылығымен байланыстырады.   

Сәбит ПАЗЫЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Босандыру ұйымдарының барлығында 106 акушер-гинеколог жұмыс жасаса, оның 71 пайызы оперативті техниканы меңгерген. Оның ішінде 6-ауы ғана кең көлемді оталар жасай алады. Бұл мәселе акушерлік шұғыл жағдайларда өте маңызды. Соның салдарынан шалғай ауылдардағы жүкті әйелдер мен нәрестелерді медициналық қызметпен толық қамтамасыз етуде осындай мәселелер туындауда.

М. Тоқтасынқызы