Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шаңғы спортының шешілмеген мәселелері талқыланды

AstanaTV
22.07.2022ж. 20:00
1854
Шаңғы спортының шешілмеген мәселелері талқыланды

Елімізде шаңғы спорты кенжелеп тұр.  AMANAT партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының белсенділері бүгін  спорт саласының мамандарын жинап, проблеманы шешу жолдарын талқылады.  Берік Жәкеновтың айтуынша, Қазақстанның климаты  қысқы спорт үшін өте қолайлы. Соны тиімді пайдаланып, мықты спортшыларды дайындап шығару керек дейді.

Берік ЖӘКЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз бұл спорт түрі елорда тұрғындарының қызығушылығын оятады деп сенеміз. Негізгі мәселе-қаржыландыру. Біз қазір қаржыландыру көзін анықтадық. Жалпы, спорттың беделі, федерацияның беделі сияқты мәселелер талқыланды, мәселелердің болжамды шешімдері де бар.

Никита ДЕВЯТКИН, "ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" ҚБ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Спорттың бұл түрі өте  қызықты. Оның елімізде қалыптасқан өз тарихы бар. Себебі Қазақстанның Олимпиада алтын медалі бар жалғыз қысқы спорт түрі, ол - осы шаңғы спорты.

А. Базарбай