Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылжарда екі қабатты тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылып түсті

AstanaTV
25.07.2022ж. 20:00
1948
Қызылжарда екі қабатты тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылып түсті

Қызылжарда екіқабатты  тұрғын үйдің кіреберісіндегі төбе опырылып түсті. Островский көшесіндегі бұл баспана  сонау 1937 жылы бой көтерген. Ағаштан салынған нысанның тозығы жеткені сонша, үйдің негізгі тіреуіштері шіріп кеткен.  Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.  Тұрғындар бұл  алғашқы жағдай  емес екенін айтады.

Менсұлу ЕСЕНЕЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр бізде екінші қабатта тұрған пеш бірінші қабатқа құлап түсті. Ағаш еден әбден шіріген. Үйді күрделі жөндеуге біздің жағдайымыз жоқ. Ал әкімдік оны апатты деп танымай жатыр.

Ал билік өкілдері бұл үйдің тұрғындары бұрын соңды әкімдікке жүгінбегенін айтады. Қазір жауапты тұлғалар арнайы комиссия құрып, баспананың жағдайын сараламақ.

Әсем АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бүгінгі таңда комиссияға байланысты экспертиза жүргізіледі. Соған сәйкес үй апатты болып саналса, тұрғындар әкімдікке келіп, үй кезегіне тұра алады. Сосын үйді кезек бойынша ала алады немесе ипотека ала алады арзандатылған көлемде.

А. Құрманкин