$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде 1-тамыздан бастап көмірді экспорттауға тыйым салынады

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1480
Елімізде 1-тамыздан бастап көмірді экспорттауға тыйым салынады

Елімізде 1- тамыздан бастап көмір экспортына тыйым салынады. Бұл туралы   Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Былтыр қыркүйек айында күннің күрт сууына байланысты көмірге деген сұраныс бірден өсіп, дүрбелең туған.  Сатушылар осы жағдайды пайдаланып, қатты отынның  бағасын 2 есе қымбаттатқан болатын. Биыл мұндайға жол бермес үшін, көмірді өзге елге шығаруға тыйым салатын бұйрық жобасы әзірленді дейді – жауаптылар. Көмірді, брикеттерді, түйіршіктерді және көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлерін ел аумағынан алты ай мерзімге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады. 2022-2023 жылы ішкі қажеттілік жоспар бойынша  - шамамен 9,6 миллион тонна, оның 2,6 миллион тоннасы- бюджеттік секторға, 7 млн тоннасы халыққа тиесілі.

А. Задабек