Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жетім балаларға тиесілі 12 миллион теңгені жымқырған мектеп директоры сотталды

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1017
Жетім балаларға тиесілі 12 миллион теңгені жымқырған мектеп директоры сотталды

ШҚО-да жетім балаларға тиесілі 12 миллион теңгені жымқырған мектеп директоры сотталды.  Базарханова басшы болған 6 жылда мектепте емдік дене шынықтыру сабағы тек құжат жүзінде өткізілген. Ал, емге деп бөлінген   ақша басшының қалтасын қампайтыпты. Ол-ол ма, былыққа батқан директор өз қарызынан құтылу үшін танысын жұмысқа алған. Тіпті, қарызын мерзімінен бұрын өтеу үшін оған 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған. Кейіннен директор өз кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарып берді.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлағаны, яғни мектеп директорының сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырғаны анықталды. Нәтижесінде, балалар білікті ем алу құқықтарынан айырылған. Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

А. Задабек