Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарда 20 жастағы жігіттің қалтасынан 8 пакет синтетикалық есірткі табылды

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1115
Қызылжарда 20 жастағы жігіттің қалтасынан 8 пакет синтетикалық есірткі табылды

Қызылжарда 20 жастағы жігіттің қалтасынан 8 пакет синтетикалық есірткі табылды. Күдікті арнайы операция кезінде қолға түскен. Тәртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде   кішігірім есірткі зертханасын анықтады.  Ол жерден түрлі респираторлар, граммдық таразылар, өлшеуіш колбалар және тағы басқа құрылғылар тәркіленді. Сондай-ақ, спайстың 52 дозасы табылды.  Жеңіл ақша табуды көздеген жас жігіт   15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рахат НҰРАХМЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аталған факті тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне енгізіліп ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлігі 3 тармағы бойынша сараланды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат ҚР ҚПК 128 бабымен қамауға алынды.

А. Құрманкин