ОПЕК
«2017 жылы Қазақстанда мұнай өндірісі азаяды» деген болжам жасады. Бұл жөнінде
ұйымның шілде айына жасаған баяндамасында айтылады. Сарапшылар Қашаған кен орны
іске қосылса да, 2017 жылдың орта шеңіне қарай елдегі қара алтын өндірісі
күніне 30 мың баррельге дейін төмендейді деген ойда.
Айта өтейік, 1 жыл бұрын Қазақстандағы
қара алтын өндірісі күніне 1,6 миллион баррельді құраған. Яғни өндіріс, 2014
жылмен салысытырғанда, 30 мың баррельге кеміген. Биыл мұнай өндірісінің көлемі
күніне 1,56 миллион баррельді құрап отыр. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш, 2015 жылмен
салыстырғанда, күніне 40 мың баррельге аз. Дегенмен, ОПЕК болжамдары Үкімет
басшысының пәрменіне кереғар. Таяуда Премьер-министр Кәрім Мәсімов энергетика
министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына «қара алтын»
өндірісін жылына 74 миллионнан 75 миллион тоннаға дейін жеткізуді тапсырды.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА